Қазақстанда медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға көбейеді

2025 жылға дейін медицина мамандығын оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы 15% және 20% пайызға өседі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті хабарлады.
Ресми өкілдердің айтуынша бұл талапкерлердің жақсы оқуына қосымша серпін береді екен. 2022 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4700 білім беру гранты бөлінген. Оның 1500-і резидентураға арналды. Ал биыл резидентура гранттарының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.
Comments (0)
Add Comment