Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды

Көктемгі шақыру науқаны барысында Қазақстанның Қарулы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына 18 пен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат толықтырады. Олар Қарулы күштерге, Ұлттық ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі. Жамбыл облысынан көктемгі шақыру кезеңінде шақыру жасындағы 1500 жігіт шақырылады. Көктемгі шақыру науқаны 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.
Азаматтарға шақыру қағаздары келу күнінен кемінде үш күн бұрын SMS-хабарламалар және eGov порталындағы хабарландырулар арқылы жіберіледі. Мұндай хабарлама ресми шақыру қағазы болып саналады және оны алған азамат әскери комиссариатқа немесе шақыру пунктіне келуге міндетті.
Шақырудан әдейі жалтару жағдайында қылмыстық заңнаманың нормаларына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Ержан Амирхан
Comments (0)
Add Comment