Өткен айда бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.
2025 жылдың қазан айында Қазақстандағы айлық инфляция деңгейі 0,5% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен айда бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Олардың қатарында:
пияз – 7,7%-ға,
алма – 6,1%-ға,
қызылша – 5,1%-ға,
қырыққабат – 4,7%-ға,
сәбіз – 4,4%-ға,
қант – 2%-ға,
жүзім – 1,1%-ға,
лимон – 0,8%-ға арзандады.
Сонымен қатар шоколад (2,3%), кофе мен тұздықтар (1,8%), құрма (1,6%) және жарма өнімдері (0,7%) қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында отандық құрастырудағы жаңа автокөліктердің бағасы 1,5%-ға төмендеген. Ал қолшатыр (4,2%), электржылытқыш (2,5%) және цемент (0,4%) бағасы керісінше өскен. Тұрмыстық химия мен жеке күтім тауарлары 1%-ға, киім-кешек, аяқкиім және тұрмыстық техника 0,8%-ға қымбаттаған.
Тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласында тарифтер төмендеді:
суық су – 40%-ға,
тарату желілері арқылы жеткізілетін газ – 10,7%-ға,
электр энергиясы – 2%-ға арзандады.
Бірақ қоғамдық тамақтану қызметтері 2%-ға, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 1,5%-ға, фитнес және жаттығу залдары 0,8%-ға қымбаттаған.
Жылдық есеппен алғанда инфляция 12,6%-ды құрады. Бір жыл ішінде азық-түлік өнімдерінің ішінде күріш – 8,3%-ға, құрма – 5%-ға, қызанақ 1,4%-ға арзандаған. Ал кептірілген жемістер мен жаңғақтар 2,9%-ға қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында:
кір жайғыш сөрелер – 31,7%-ға,
мұздатқыштар – 16,6%-ға,
үтіктеу тақталары – 13,6%-ға арзандаған.
Сонымен бірге асүй ыдыстары 7%-ға, электр бұрғылар 5,9%-ға, ал электр шамдары 5,2%-ға қымбаттаған.
2024 жылдың қазанымен салыстырғанда аяқкиім жөндеу қызметі 8,9%-ға, тұрғын үйлерді күтіп ұстау және жөндеу қызметі 7,8%-ға өскен. Бассейнге бару ақысы 10%-ға, фитнес залдарына жазылу құны 8,8%-ға артқан.
https://aikyn.kz/293663/k-azak-standa-keybir-azyk—tulik-bag-asy-arzandady