Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады

«Қазгидромет» синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын күтіледі.

«Солтүстік аймақтарда термометр бағаны нөлден төмен түседі, бұл жаңбырдың қарға ұласуына және көктайғақ құбылыстарына әкелуі мүмкін. Батыста үш күнде де, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде еліміздің солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. 14 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», — деді метеорологтар.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанған.

Температура көрсеткіштері қандай болмақ?

Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • батыста түнде +2…+10 градусқа дейін, күндіз +10…+15 градусқа дейін,
  • солтүстікте түнде -2…-8 градусқа дейін, күндіз 0…+7 градусқа дейін,
  • оңтүстікте түнде +3…+13 градусқа дейін, күндіз +8…+18 градусқа дейін.
  • Фото:depositphotos.com
  •  Tengrinews.kz.
Comments (0)
Add Comment