Қазақстанда бір тәулікте бірден үш есірткі зертханасы анықталды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Polisia.kz«-ке сілтеме жасап.

«Күдіктілер ұсталды — екі ер адам мен бір әйел. Анықталғандай, олар алты ай бойы есірткі өсірумен айналысып, әрқайсысы 50 кг марихуана дайындаған. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

фото ақпарат осы сілтемеден алынды:

https://massaget.kz/news/kazakstanda-br-taulkte-brden-ush-esrtk-zerthanasyi-124961/?fbclid=IwY2xjawIPWLVleHRuA2FlbQIxMQABHXj_ICUW3CKRTVNuTcpA9r5wi1WE9u4VOzTT7vMAKMhCUKING_P3uoXKiQ_aem_Til86nPFo0xQbT3NocS2AgӨзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова

Comments (0)
Add Comment