Алғаш рет тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 31 149 бірлікті құрады
Елімізде қараша айында 168,3 мың көлік тіркелді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% өсті, деп хабарлады Ұлттық статистика комитеті.
Оның ішінде жеңіл автомобильдер саны 5,2% және жүк көліктері 31% көбейіп кетті, ал автобустар саны 14,4% азайды.
«2024 жылғы 1 желтоқсанына Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5694,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар», — делінген хабарламада.
Алғаш рет тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 31 149 бірлікті құрады. Жаңа автомобильдердің ең көп саны тіркелген:
Алматы қаласында – 6351 бірлік;
Астана қаласында – 4300 бірлік;
Шымкент қаласында – 3416 бірлік;
Алматы облысында – 2869 бірлік.
фото: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/254717-kazakstanda-bir-aida-168-mynnan-astam-kolik-tirkelgen