ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПТЕР АРАСЫНДА АУЫСТЫРУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталында жүзеге асыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін:
* eGov.kz порталында тіркеуден өтіп, «Білім» бөліміне өту керек;
* «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтыру және ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою қажет;
• қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.
Comments (0)
Add Comment