Қазақстанда автокөлік дөңгелектері 40 пайызға қымбаттады
Телеарна мәліметінше, жыл басынан бері 25 пайызға қымбаттаған автокөлік дөңгелектері қазанда бірден 40 пайызға көтерілген.
Қазір қолданыста болған дөңгелектің орташа бағасы 45 мың, ал жаңасыныкі 80 мың теңге.
Сала мамандары бұған логистиканың қиындауы, инфляция мен сұраныстың артуы себеп болғанын айтады.
Сарапшылар қазір дөңгелек жетіспеушілігі барын айтады.
Өйткені дөңгелекті қысқысына ауыстыратын маусым басталғандықтан сұраныс жоғары.
Ал шиномонтаж қызметі 13 процентке қымбаттады.