Қазақстанда алғашқы екі науқас айықты

Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған екі емделуші жазылды. Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Министр Д.Абаев коронавирустан айыққан 2 науқас ертең ауруханадан шығатынын жеткізді.

Денсаулық министрлігі мен барлық денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне барша халықтың атынан алғыс айтқан Д.Абаев алдағы уақытта науқастан айығушылар көбейеді деген үміт білдірді.

egemen.kz

Comments (0)
Add Comment