Қазақстанда 9 жаңа құрметті атақ пайда болады

 

Президент өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақтар беру туралы тапсырмасын еске салды.

«Мемлекеттік наградалар жүйесіне тағы 9 құрметті атақ енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ел дамуына қосқан зор үлесін ескере отырып, «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы белгіленеді”, – деді Тоқаев бүгін ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында.


Жаттықтырушылар мен спорт шеберлері: Антикор бірнеше жалған спортшыларды атақтарынан айырды


Оның айтуынша, депутаттар қазірдің өзінде тиісті заңдарға өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

“2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладық. Келер жылы нағыз еңбекқорларға көңіл бөлінуі қажет.  Бұл еңбек пен кәсібилік құндылықтарын қоғамда кеңінен насихаттауға септігін тигізетініне сенімдімін», – деп қосты мемлекет басшысы.

Еске салсақ, осыған дейін бір топ шоу-бизнес өкілдері «Қазақстанның құрметті азаматы» атағын иеленгенін жазғанбыз.

Фото: primeminister.kz

https://stan.kz/kazakstanda-9-zhana-kyrmetti-atak-payda-boladi-409665/

Comments (0)
Add Comment