Қазақстан велотрекшілері рекорд жаңартып, қола жүлде иеленді

Олар 3:59.215 нәтижесін көрсетіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының велотрекшілері қола жүлдеге қол жеткізді.

Командалық із кесу жарысында ел намысын Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Әлішер Жұмақан және Дмитрий Носков қорғады. Олар 3:59.215 нәтижесін көрсетіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

Чемпионаттың алтын медалін Оңтүстік Корея спортшылары жеңіп алса, Жапония құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

фото: Туризм және спорт министрлігі

https://turkystan.kz/article/256321-kazakstan-velotrekshileri-rekord-zhanartyp-kola-zhulde-ielendi

Comments (0)
Add Comment