Қазақстан такси бағасы ең қымбат елдердің қатарына кірді

Елімізде такси қызметі бір жыл ішінде 12 пайызға қымбаттады деп хабарлады turkystan.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер арасында такси өсімінің бағасы Атырау тұрғындарының қалтасына салмақ салды. Қызмет құны 1 жыл ішінде 37,5 пайызға қымбаттап отыр. Одан кейінгі орында Жетісу (33 пайыз) мен Абай облыстары (31,2) тұр. Ал Ақмола облысында такси қызметі жыл ішінде не бәрі 0,5 пайызға көтерілсе, Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында баға бір жыл бұрынғы деңгейде.

Numbeo мәліметінше, 2023 жылдың 14 ақпанындағы мәлімет бойынша, стандартты тариф бойынша 1 шақырымға такси қызметінің ең төменгі бағасы Мысыр (0,16 доллар), Пәкістан (0,19) және Беларусьта (0,2) тіркелген.

ТМД елдері арасында такси қызметі ең арзан елдердің ондығына Армения мен Өзбекстан (0,26 доллардан), Украина, Молдова және Ресей (0,27) кіреді. Ал такси қызметі қымбат елдердің қатарында Қазақстан (0,44 доллар) мен Әзербайжан (0,59) бар.

Айта кетейік, ең қымбат такси қызметі: Швейцария (4,25 доллар), Кувейт (3,27) және Ямайка (3,26) елдерінде тіркелген.

https://turkystan.kz/article/214017-kazakstan-taksi-bagasy-en-kymbat-elderdin-kataryna-kirdi/

Comments (0)
Add Comment