Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ арқылы қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті) алу. Тұрғын үй иесінің ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет. (егер өтініш беруші тұрғын үй иесі болмаса). Тұрғын үйдің ортақ иелерінен ЭЦҚ-мен расталған келісімін алу қажет (егер өтініш беруші тұрғын үйдің жалғыз иесі болмаса).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу мекенжайына енгізілген өзгертулерді тексеру үшін мекенжай анықтамасын алу парақшасына өту қажет. Түзету 10 минут ішінде енгізілетін болады.
Сарысу аудандық ХҚК бөлімінің басшысы К.Аманкулов