Қазақстан өкілі халықаралық авиациялық топтың вице-төрағасы болып сайланды

Парижде өтіп жатқан ICAO Еуропа және Солтүстік Атлантика (ENAVSECG/10) арнайы авиациялық қауіпсіздік тобының кезекті отырысында Қазақстанның өкілі осы топтың вице-президенті болып сайланды деп хабарлады turkystan.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Басқосуда авиациялық қауіпсіздік саласындағы соңғы технологиялық және инновациялық жаңалықтар талқыланады. Бірінші күні авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың жаңа төрағасы мен оның орынбасарларының сайлауы өтті.
Соның нәтижесінде авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың – ENAVSECG/10 вице-төрағаларының бірі болып «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының орынбасары Дархан Еспотанов сайланды. Төраға – Франция өкілі, ал Латвиядан ұсынылған кандидат екінші вице-төраға болды.
«Бұл лауазымға біздің мемлекетіміздің өкілін сайлау Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін арттыруға ықпал етеді және еліміздің Орталық Азия өңірінде көшбасшы ретінде авиациялық қауіпсіздік саласындағы позициясын нығайтуға септігін тигізеді», – делінген ресми хабарламада.
https://turkystan.kz/article/202395-202395/
Comments (0)
Add Comment