«Қазақстан халқына» қорының қызметкерлері қанша жалақы алады?

«Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында қызметкерлері қанша жалақы алатынын айтты.

Болат Жәмішевтің айтуынша, қорда 24 адам жұмыс істейді. Атқару кеңесінің мүшелері 587 мың теңге жалақы алады, ал  өзі тегін жұмыс істейді. Қазір қорға 117 миллиард теңгеден астам қаражат жиналған.

«587 мың теңге жалақы деген біреу үшін көп болуы мүмкін. Бірақ менің ойымша бұл аса көп қаржы емес. Оның үстіне біз министрліктерге қарама-қарсы бетте отырмыз. Сондықтан қызметкерлердің мемлекеттік қызметкерлермен айлығы тең болуын қадағаладық. Әйтпесе бізге жұмысқа ешкім келмейді. Жалақы демеушілердің есебінен емес, қордың тікелей өзінен төленеді», – деді Болат Жәмішов.

aikyn.kz

Comments (0)
Add Comment