Финалда Алпысбай Азияның екі дүркін чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанмен бақ сынасты. Жекпе-жек тартысты өтті. Жеңіс отандасымыздың қоржынына соңғы секундтарда түскен. Нәтижесінде қазақстандық 7:5 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль алды.
Өз кезегінде 27 жастағы қазақстандық 2023 жылғы Азия чемпионатының (Малайзия) алтын жүлдегері. Қайсар бұл спорт түрімен жеті жасында Шымкентте айналыса бастаған.
«Мен Джеки Чанның фильмін көргеннен кейін каратэмен айналысуды шештім», – деп келтіреді спортшының сөзін Азия ойындарының ресми сайты.
Енді Қазақстан қоржынында 66 медаль бар. https://stan.kz/kazakstan-aziya-oyindarinda-togizinshi-altinga-ie-boldi-389338/