Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялау жұмыстары жалғасуда

stockphoto

Қазақстан азаматтарын шиеленіс аймағынан эвакуациялау жұмыстары жалғасуда: 7 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жауапты орган құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 4700-ден астам қазақстандық елге оралған.

«Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды шығару жерүсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. 6 наурызда ҚР шетелдегі мекемелері «Заркух» компаниясының 7 қызметкері – ҚР азаматтарының Иран-Армения шекарасына шығуын ұйымдастырды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, «Заркух» компаниясы қалған 16 қазақстандықты да осы бағыт бойынша эвакуациялауды жоспарлап отыр. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста екендігін жеткізген.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277469-qazaqstan-azamattaryn-sielenis-aimagynan-evakuaciialau-zumystary-zalgasuda

Comments (0)
Add Comment