«Қазақстан азаматтары жоқ»: Грекиядағы өртке қатысты СІМ мәлімдеме жасады

 Facebook/ epoxikoipirosvestes

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров болған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған», — деген ақпаратпен бөлісті Айбек Смадияров.

Айта кетсек, бұған дейін шетелдік БАҚ Грекияның Гидра аралында яхтада демалған қазақстандық туристер өрттің шығуына себеп болды деген ақпарат тарады. Ақпаратта айтылғандай, өрт орманға дейін жеткен.

https://turkystan.kz/article/244999-kazakstan-azamattary-zhok-grekiiadagy-ortke-katysty-sim-m-limdeme-zhasady

Comments (0)
Add Comment