Қазақстан аумағына пилотсыз ұшу ап­па­раты құлады

Дрон қалаға жеткізілді.

18 ақпанда сағат 23:00-де Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданына қарасты Ұялы ауылының маңында белгісіз ұшу аппараты табылды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оны жергілікті тұрғындар байқап, құзырлы органдарға хабар берген. Ұзындығы 120 сантиметр болатын құрылғыны тексеру үшін оқиға орнына полиция мен құтқарушылар жетті.

Табылған нысанның суреті желіде тараған соң, іздеу жүйелері оны француздық Sagem компаниясы жасаған Crecerelle барлау дронына ұқсас деп көрсетті.

Бөкей ордасы ауданының әкімдігі бұл деректі растағанымен, қосымша түсініктеме бермеді.

«Ұялы ауылының маңында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайтын заттың құлауына байланысты полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру шараларын жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 1946 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Капустин Яр әскери полигоны дәл осы ауданда орналасқан. Қазіргі уақытта оны Ресейдің Қорғаныс министрлігі жалға алып отыр. Полигон аудан аумағының 49,1 пайызын алып жатыр.

 ФОТО; «Мой Город» басылымы

https://turkystan.kz/article/256217-kazakstan-aumagyna-pilotsyz-ushu-apparaty-ku-lady

Comments (0)
Add Comment