коллаж: turkystan.kz
«Қазақ елінің қабырғасын қайыстырды»: Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады: 22 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актриса аңыз адам Асанәлі Әшімовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жазбасын арнады.
«Бұл соңғы кездесу деп кім ойлаған?! Абыз адам, аңыз адам еді. Асанәлі ағамыздың қазасы күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырғаны сөзсіз. Елдегі театр және кино өнеріне өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, мол мұра қалдырды. Ағамыздың отбасына, туыстарына көңіл айтамын. Жарқын бейнеңіз мәңгі жадымызда қалады. Ұстаз, бақұл болыңыз», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/273268-qazaq-elinin-qabyrgasyn-qaiystyrdy-zuldyz-abdikarimova-aserli-zazba-zariialady