Шығыс Қазақстан облысында орналасқан «Востокцветмет» шахтасында тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. Бұл соңғы бір ай ішінде KAZ Minerals құрамындағы өндірістерде болған екінші адам өлімі.
30 мамыр күні шамамен сағат 20:30-да «Востокцветмет» ЖШС-ға қарасты Артемьев кеніші аумағында тау жыныстарының опырылуы орын алған. Соның салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты.
Қайғылы жағдайдан кейін авариялық учаскедегі барлық жұмыс дереу тоқтатылды. Оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, уәкілетті органдардың қатысуымен тексеру мен тергеу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар компания басшылығы жағдайды бақылауға алған. Андрей Третьяков оқиға орнына барғаны хабарланды.
Компания қаза болған жұмысшының отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді.
Сурет: ЖИ