ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН АЗАМАТТЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова республикалық “Қайырымдылық керуені — 2023” байқауының жүлдегері Марат Оспановты қабылдады.
Аудан әкімінің орынбасары “Туған жер” номинациясы иегерінің жеңісімін құттықтап, ұлт болашағы үшін ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбегіне алғысын білдіріп, құрмет көрсетті. Және де Махпал Сатыбалдықызы алдағы уақытта меценаттың әрбір игі бастамасына аудан тарапынан үлкен қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов та қабылдау өткізіп, құттықтады
Айта кету керек, Марат Оспанов өткен аптада Астана қаласында өткен “Қайырымдылық керуені-2023” конкурсында “Туған жер” номинациясын жеңіп алды. Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық өтініш түсіп, Жамбыл облысы атынан барған 51 үміткердің үшеуі үздіктер қатарынан көрінді.
Марат Оспанов жұбайы екеуі балалар үйінен 12 баланы қамқорлығына алып, оларды толыққанды отбасыда тәрбиелеуіне барын салуда. Сонымен қатар бірқатар қайырымдылық шараларын қолға алған.

Жамбыл ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment