Қайтыс болған адамды жерлеуге мемлекеттен жәрдемақы берілетінін білесіз бе?

Оған қандай құжаттар рәсімделеді және қайда тапсыру керек?
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миністірлігіне egov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы арыз бересіз.
2. Ал біріңғай зейнетақы қорынан алатын болсаңыз, сол мекемеге барып арыз жазасыз.
Тапсырылатын құжаттар тізімі:
– Қайтыс болған адамның зейнетақы қоры бар туысының жеке басын куәландыратын төлқұжат;
– Марқұмның қайтыс болғанын растайтын куәлік;
– Жәрдемақы алушының банктік шоты туралы ақпарат.
Жәрдемақы алушы осы құжаттарды жақыны қайтыс болғаннан кейінгі 15 күннің ішінде рәсімдеп өткізу керек.
Ал Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тапсырылған құжаттардың жауабы қайтыс болған адамның зейнетақы қоры болса – 5 күн ішінде рұқсаты келеді.

 

Мойынқұм Ауданы

 

Comments (0)
Add Comment