Қайрат Нұртас бостандыққа шықты (видео)

Оны ата-анасы Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков күтіп алды. Олар ұлы үшін арнайы Алматыдан келген. Желіде тараған видеодан Айдарбековтердің тұңғышын қатты құшақтап, көз жасына ерік бергенін көруге болады.

Әнші жақындарын көрген соң, бірден көлігіне отырып кетіп қалған. Дегенмен ол өзінің жағдайына қатысты пікір білдіріп үлгерді.

«Денсаулығым бәрі жақсы шүкір. Рақмет», — деп қысқа қайырды өнер иесі. .

Анасы Гүлзира Айдарбекова да қуанышын жасырмады.

«Қуаныштымын. Ешбір ананы баламен сынамасын. Бәрін Аллаға тапсырайық. Бәрі жақсы болсын», — деді продюсер.

Еске салайық, 5 шілдеде Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынған болатын.

Қайрат Нұртасқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 2-бөлігі (жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айып тағылды.

https://stan.kz/yshakta-shu-shigargani-ushin-kamalgan-kayrat-nyrtas-bos-403538/

Comments (0)
Add Comment