Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті

Фото: mcdonalds.kz

Мемлекет меншігіне өткен компанияның 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған.

«Акционерлер жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады», – делінген KASE Қазақстан қор биржасының сайтында.

Phystech II кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орны. БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін компания тек шығын әкелген.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.

https://stan.kz/kayrat-boranbaevka-tiesili-mynay-kompaniyasi-memleket-m-389594/

Comments (0)
Add Comment