Заң алдындағы теңдік-бұл барлық азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне, нәсіліне, жынысына, дініне немесе басқа белгілеріне қарамастан тең құқықтар мен міндеттерге ие болуын қамтамасыз ететін құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі.
Бұл қағида демократиялық қоғамның негізі болып табылады және адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Азаматтардың құқықтарының сақталуы заңнама, сот арқылы қорғануы, тәуелсіз органдардың күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарының нәтижесінде қол жеткзілуде.
Өз кезегінде прокуратура органдары заң алдындағы теңдік қағидатын-демократиялық қоғамның негізгі элементін қолдауда шешуші рөл атқарады.
Прокуратура мемлекеттік және құқық қорғау органдарының және жеке тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыру арқылы, еліміздегі заңдардың барлық азаматтарға әділ және тең қолданылуын, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылықтардың анықталуын және олардың жасалуының себептерімен салдарының жойылуынқамтамасыз етеді.
Осы бағытта аудан прокуратурасы аудан аумағында қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз Жамбыл» жобасы аясында құзырлы органдармен бірлесіп ұдайы түрде профилактикалық жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар кең таралған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ орын алған қылмыстардың себептері мен олардың алдын алу шаралары аудан тұрғындарымен кездесу барысында талқылануда .
Қорытындылай келе, заң алдындағы теңдік және құқықтарды бұзуға жол бермеу әділетті қоғамның негізі болып табылады.
Осы Қағидалар сақталатын қоғам демократияның дамуына және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Жамбыл ауданы прокуратурасы