ҚАУІПКЕ ҚАУҚАРЛЫ БОЛУ ҚАЖЕТ

Үстіміздегі жылдың 29-30 қаңтары күндері аралығында ауданымызға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Арман Құмарұлы Токанов арнайы іс-сапармен келіп, жоспарға сәйкес зерделеу жұмыстарын жүргізді. Шараға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Алмаз Асқарұлы Мелдеев және аудан әкімінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Зерделеу барысында аудан аумағында көктемгі су тасқынын алдын алу және өрт қауіпті кезеңіне дайындық кезеңіне қала мен ауылдық округтерден құрылған өрт сөндіру жасақтардың құрал жабдықтармен арнайы автокөліктерінің жабдықталғанына бақылау, жүргізіліп анықталған кемшіліктер бойынша тиісті нұсқаулықтар жүргізілді.
«Қауіп — аяқ астында» дегендей, хабарсыз келетін тілсіз жауға қарсы тұруға қарекет жалғаса береді.
Comments (0)
Add Comment