«Қатты ашыққан»: Бесік арбадан табылға сәбидің мүрдесі жұртты шошытты

Дағыстан Республикасының Дербент қаласында құқық қорғау органдары бесік арбадан екі жасар қыздың мәйітін тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған баланың өлімі ағзаның шектен тыс әлсіреуі мен аштыққа байланысты болуы мүмкін.

Оқиға Агасиев даңғылында, «Северный» автовокзалы маңында болған. Құқық қорғау қызметкерлері жергілікті тұрғынның құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан кезде, оның бесік арбасында жатқан баланың қимылсыз екенін байқаған.

Осы жайтқа байланысты Дағыстан Республикасының Тергеу комитеті ресми мәлімдеме жасады.

«Бала аштықтан көз жұмған болуы мүмкін. Қатты ашыққан. Қазіргі уақытта қыздың анасы ұсталды, қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта баланың анасы күдікті ретінде ұсталып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар қылмыстық іс аясында отбасының әлеуметтік жағдайын және оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде.

Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін баланың өлімінің нақты себебі мен оған берілетін құқықтық баға белгілі болады.

ФОТО: ашық дереккөз

turkystan.kz.

Comments (0)
Add Comment