Маңғыстаулық инспекторлар браконьерлердің ауына түсіп қалған итбалықтарды құтқарды.
«7-8 қарашада Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Каспий теңізінің акваториясындағы Маңғышлақ архипелагының аралдарында рейдтік шаралар өткізді».
Нәтижесінде ұзындығы 300 метрдан астам ау табылып, олардың бірінен 2 итбалық құтқарылып, қайта теңізге жіберілді. Сонымен қатар 14 бекіре тұқымдас балық құтқарылды.