Каспий теңізінен 3 күн бұрын батып кеткен балықшының денесі табылды

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 1993 жылы туған азамат 24 қыркүйекте теңіз астынан балық аулау кезінде батып кеткен. Үш күн іздестіру жұмыстары жүргізілді.

«Бүгін 12:08-де төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Шора су арнасы ауданында жағадан 400 метр жерде ( 5 метр тереңдіктен) адам денесін судан тауып алып, шығарды», – делінген хабарламада.

Іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының қарушылары, ҚР ҰҚК шекара қызметінің жеке құрамы, сондай-ақ еріктілер де жұмылдырылған.

 

https://stan.kz/kaspiy-tenizinen-3-kun-byrin-batip-ketken-balikshinin-d-388788/

Comments (0)
Add Comment