Каспий құбыр консорциумы Қара теңіз терминалынан мұнай жөнелтуді тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz.
«19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (күшті дауыл, үлкен толқынға) байланысты Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалымен мұнай жөнелту тоқтатылды. Қазіргі уақытқа дейін Новороссйск портының капитанынан дауылға байланысты шектеу алынған жоқ. Болжам қолайсыз», – делінген консорциум таратқан ақпаратта.
Алдын ала мәліметке қарағанда, Каспий құбыр консорциумының теңіз портындағы шамамен 1 млн тонна мұнайды құрайтын резервуар паркі толуға жақын. Сондықтан жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау мұнай құбыры паркінің бос бөлігін толтыруға және терминалдың резервтік паркіне бағыттау арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Консорциум мұнай тасымалдауды тоқтата тұруға мәжбүрлейтін тосын жағдай болса қосымша хабарлайтынын жеткізді.
https://turkystan.kz/article/214240-kaspiy-kubyr-zhelisi-munay-tasymaldaudy-toktatty/