Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл: СІМ пікір білдірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) «Кропоткинская» ірі мұнай айдау станциясына жасалған дрон шабуылына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, Қазақстан украиналық серіктестермен бірге «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына жасалған дрон шабуылын талқылайды.

«Бұл — Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды мәселе. Әрине, бұл жағдайды украиналық серіктестермен дипломатиялық жолмен талқылаймыз», — деді Смадияров Tengrinews.kz-ке.

Бұған дейін не болды?

2025 жылғы 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын Ресей Федерациясындағы «Кропоткинская» ЖЗҚ шабуылға ұшырады. Шабуылдан зардап шеккендер жоқ.

Станция қаншалық зақымға ұшырағанын және қалпына келтіру мерзімдерін бағалау үшін КҚК бас директоры Николай Горбан бастаған басқарушы топ оқиға орнына келді.

Кейінірек «Транснефть» компаниясы мәлімдеме жасап, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) «Кропоткинская» ірі мұнай айдау станциясына жасалған дрон шабуылы салдарынан Қазақстаннан мұнай айдау көлемі шамамен 30 пайызға төмендеуі мүмкін екені айтылды.

https://massaget.kz/news/kaspiy-kubyir-konsortsiumyina-jasalgan-shabuyil-sm-pkr-bldrd-125438/?fbclid=IwY2xjawIioQxleHRuA2FlbQIxMAABHX5NC2iJaIPDPFa6AsYWB-G-pchKS1iTY1Pj6j0e6n7_ZnLkhKX6-AXi6g_aem_egnBhIi8diWEVqnx4H0V5g

Фото: cpc.ru

Ж. Қадыржанова

Comments (0)
Add Comment