Kaspi банкке шабуыл жасаған ер адам наркологиялық диспансерде есепте тұр – Банк

Бүгін, 18 маусым күні Астанадағы Kaspi.kz бөлімшесіне қарулы адам шабуыл жасап, қызметкерлерге қауіп төндірді. Осы оқиғаға байланысты Kaspi банктің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

«Күзет нұсқаулық бойынша бірден дабыл түймесін іске қосып, полиция қысқа мерзімде оқиға орнына жетті. Кепілге алынғандарды босату операциясы 2 сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Шабуыл жасаушы ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам наркологиялық диспансерде есепте тұрады. Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ және әрқайсына қажетті көмектің барлығы көрсетіледі. Қызметкерлеріміздің және олардың отбасыларының атынан құқық қорғау органдарына жеделдігі мен кәсібилігі үшін үлкен алғыс білдіреміз», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар Kaspi банктің баспасөз қызметі қарулы адам банкке кірген бойда күзет қызметі дабыл түймесін басып үлгергенін мәлім етті.

«18 маусымда қарулы адам Kaspi банктің бөлімшесіне шабуыл жасап, қызметкерлерге қауіп төнді. Күзет қызметі талапқа сай дабыл түймесін дереу іске қосты. Тиісінше бұл жерге полиция жедел жетті. Кепілге алынған адамдарды босату операциясы 2 сағатқа созылды және сәтті аяқталды», – деді банктің баспасөз қызметінен.

Бүгін Астанадағы Kaspi банк бөлімшесіне қарулы ер адам тұрғындарды тұтқында ұстағанын жазған болатынбыз.

Оқиға орнына министр М.Ахметжанов барып, қылмыскермен келіссөзді өзі жүргізді әрі күштік операцияны басқарды. Қазір қылмыскер қолға түсіп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

https://turkystan.kz/article/225998-kaspi-bankke-shabuyl-zhasagan-er-adam-narkologiyalyk-dispanserde-esepte-tur-bank/

Comments (0)
Add Comment