Kaspi Астанадағы бөлімшелеріне жасалған шабуыл туралы: Кепілге алынған адамдардың ішінде клиенттер жоқ

«Банк бөлімшесінде банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ. Қызметкерлерге қоқан-лоқы жасап тұрған ер адаммен полиция келіссөз жүргізіп жатыр. Күштік құрылымдар және банк ешкімнің зардап шекпеуіне күш салады”, – деп мәлімдеді банк өкілдері.

Еске салайық, қарулы адам Астанадағы банктердің бірінің филиалына келушілерді басып алған. Ішінде жеті қыз бен бір күзетші бар екені хабарланды. Оқиға орнына арнайы жасақ келді.

https://stan.kz/kaspi-astanadagi-bolimshelerine-zhasalgan-shabuil-tural-384009/

Comments (0)
Add Comment