КӘСІПТІҢ БІЛІМ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазіргі кезде мемлекеттік жал­­пыға ортақ стандарт бойын­­­ша кәсіпорын мамандары­мен тығыз жұмыс істеу жүйе­лі жолға қойылып отыр. Яғ­ни өндірістегі мамандар кол­ледждегі оқу үрді­сіне оқы­ту­шы ретінде қатыса алады әрі оқу бағдарламасын бірлесе әзір­леуге де атсалысады.
Осы орайда, бүгін 11 Сарысу колледжінде 9 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов сөз сөйлеп, алдымен мектеп оқушыларына соңғы қоңырау кезінде құқықбұзушылыққа бармау қажеттігін ескертті. Сондай — ақ, кәсіптің білім алу бағдарының болашақ жастар үшін маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ата — аналар комитетінің төрағасы Нұржан Есмаханов оқушыларға ауылда орналасқан колледжге оқуға түсуге шақырса, колледж директоры Қ.Бакқулиева колледждегі атқарылған жұмыстарға тоқталып, жетістіктерді тілге тиек етті.
Жиналысқа қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Comments (0)
Add Comment