KASE: Теңге бағамы өсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 342,55 теңгені құрады.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 1,66 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 342,4 теңге, ал ең жоғарғысы 342,66 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 52,9 млн долларға жетті.

Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 344,21 теңге, күндізгі сессияда 342,95 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 343,45 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 163,15 млн долларды құрады.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment