Қаржылық сауаттылық кеңес беру алаңы ұйымдастырылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыруатты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 12, 19, 26 қыркүйек күндері Жамбыл облысы Жуалы ауданының 30 елді мекенін қамти отыраZOOM онлайн платформасындаАқсай ауылдық округі, Ақтөбе ауылдық округі, Бауыржан Момышұлы ауылдық округі, Билікөл ауылдық округі, Боралдай ауылдық округі, Жетітөбе ауылдық округі, Көкбастау ауылдық округі, Күреңбел ауылдық округі, Қарасаз ауылдық округі, Қошқарата ауылдық округі, Қызыларық ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылдық округі, Нұрлыкент ауылдық округі, Тоғызтарау ауылдық округі, Шақпақ ата ауылдық округтерінде топтастырып «Қаржылық сауаттылық кеңес беру алаңын»өткізді.

Кеңес беру алаңыныңарнайы лекторы болып Жамбыл облыстық «Жас отан» жастар қанатының төрағасының орынбасары Әбіғали Ерғали Рүстемұлы шақырылды. Кеңес беру барысында жергілікті елді мекендерде халықтың хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалдар алынып, тұшымды кеңестер берілді. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы Қаржылық сауаттылығы туралы және қоғамдағы қаржылық сауаттылықтың негізгі тетіктері туралы сөз қозғалды.

Comments (0)
Add Comment