Аутизм бұл — біздің елімізде көп айтыла бермейтін дерттің бірі. Соңғы жылдары ғана сырқатқа назар аударыла бастады. Себебі аутизмге шалдыққан балалар саны анағұрлым өскен. Жалпы әлемде әрбір елуінші бала осы дертке шалдығады.
Өмірге келді, дегенмен сыртқы ортамен байланысы психологиялық тұрғыда дайын емес. Бұл дертке шалдыққан балалар қолдауды қажет етеді. Қамқорлық пен ерекше күтімге мұқтаж. Ал емделу үшін еліміздің медицинасының қауқары әлсіз. Сондықтан сырқатқа шалдыққандар дертіне дауа іздеп шекара асады. Сол үшін де қомақты қаражат керек.
Дулати университеті «Ұстаз» институтының белсенді жастары «Кем болсаң, кем болмайсың» атты акция ұйымдастырды. Жиналған қаражат Аутизммен ауыратын балалар еміне жұмсалмақ. Институттың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
– «Студенттерді қайрымдылық, жақсылық жасауға баулу біз үшін сапалы білім беруден де жоғары тұрады. Білім алу ешқашан кештік қылмайды. Ал жас кезде баланың дұрыс қалыптасуын қадағалауымыз керек. Уақыт өте келе тәрбиелеу кеш болуы мүмкін. Бүгінгі акцияның басты мақсаты жас буынды дұрыс жолға салу. Қоғамнан хабардар ету. Жалпы 40-қа жуық белсенді студенттің қатысуымен өтті. Үй жағдайында дайындап келген тәттілері қолжетімді бағада сатылуда»,- дейді Еркебұлан Дүйсебеков.
Жастар жинаған бұл қаражат көлемді болмауы мүмкін. Бастысы ақ пейіл, таза көңілдері. Алдағы уақытта қайрымдылық акциялары жалғасын табатына сенеміз!
Дулати униеврситетінің медиа-қызметі.