Қарымды, қарекетті партияны жаркенттіктер қолдайды

Бүгін «AMANAT» партиясы «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ризван Сакиова Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы «Айбатыр» сауда үйінде экспромт-кездесу өткізді. Мұндағы мақсат – тұрғындар арасында партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен алдағы бес жылдықта атқаратын қарымды бастамаларын насихаттау.
Кандидат өңірде партия ықпалымен 2027 жылға дейін 100 мың жұмыс орны ашылатынын, 3000-ға жуық әлеуметтік осал отбасылардың баспаналы болатынын, 200-ден астам елді мекеннің көгілдір отынға қол жеткізінін сөз етті.
– Партиямыз алдағы бес жылдықта 322,9 шақырым су беру желілерін, 57,1 шақырым жылу желілерін және 684,4 шақырым электр желілерін қайта жаңғыртуға күш салады. Бұл өз кезегінде тозығы жеткен инфрақұрылымдарды біршама қалыпқа келтіріп, тұрғындардың сапалы ауыз су мен үздіксіз электр жарығын пайдалануға мүмкіндік алады, – деді Ризван Сакиова.
Кандидаттың сөзінше, ел болашағын қалыптастыру үшін білімді әрі қарымды ұрпақ қалыптастыру керек. Құр білім ғана емес, тәлімді тәрбие де ұлт болашағын жарқын ете түспек. Ал тәлім мен білімді сапалы ұрпақ бойына сіңіру үшін жағдай керек. Ал қазіргі уақытта оқушыға жағдай жасау – замануи білім ортасын қалыптастыру, озық технологияларды қолданысқа енгізу, тағысын тағылар. Міне, осындай жағдайды қалыптастыру үшін «AMANAT» партиясы күш-жігерін жұмылдырмақ.
2027 жылға қарай партиямыз 600 дана ауылшаруашылық техникасын лизингке алуға, өңірдің басты бренді қант қызылшасы егілетін алқапты 12 мың гектарға ұлғайтуға, жаңадан 900 мың гектар жайылымдық жер енгізуге мұрындық болмақ. Демек, аграрлы өңір саналатын облысымыздың тың тынысы ашылады, – деді Ризван Сакиова.
Жиын барысында сауда үйіне келушілер партияның алдағы бес жылда атқаратын мақсат-міндеттерімен танысып, саяси құрылымның бастамаларына оң көзқарас танытты.

https://turkystan.kz/article/215617-karymdy-kareketti-partiyany-zharkenttikter-koldaydy/
Comments (0)
Add Comment