Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында, қазан айында егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Копдикбаев Болат Исаханұлы басқаратын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мемлекеттік қызметшілермен тағлымға толы кездесу өтті.
Жиынның мақсаты — ұзақ жылдар бойы ел дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызмет ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін жастарға үлгі ету, сонымен қатар мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандардың бойында отансүйгіштік,мемлекетшілдік, жауапкершілік пен кәсіби дамуға деген құлшынысты арттыру, халыққа адал қызмет ету.
Кездесуге мемлекеттік қызметтің ардагері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің алғашқы иегері, бүгінгі таңда Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жанындағы тәлімгерлер кеңесінің мүшесі Сапақова Үртай мен кезінде Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, облыстық тәртіптік кеңестің төрағасы, аудан әкімі лауазымдарында абыроймен қызмет атқарған департаменттің ардагері, қазіргі таңда Жамбыл облысындағы әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық козғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Төлендиев Қасымхан Естемесұлы, құқық қорғау органдарының ардагері Оразалы Шералин қатысып, жас мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметтің қыр – сырымен және бай тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Демек, мемлекеттік қызметші – мемлекеттің абыройы деп түсінген жөн. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттік саясатты қалтқысыз жүзеге асыратын, мемлекет және халық тарапынан сенім білдірілген, заңмен үлкен жауапкершілік артылған тұлғалар екенін ұмытпауымыз керек.
Сонымен қатар, 24-қазан кітапханашылар күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалының кітапханашысы Риза Кеңесбекқызы Алғыс хатпен марапатталды. Құтты болсын! Шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалының директоры Асанов Малик Назымбекұлы қатысты.
Алдағы Ұлттық мереке – Республика күні Құтты болсын!