25 қазан—Республика күніне орай Қарттар үйінде болдым. Балаларынан жырақта, өмірлері сағынышпен өтіп, жалғыздықтан жапа шеккен жандардың жанында болып, жан-дүниелеріне үңіліп, әңгіме айттық.
Отбасына құт-береке кіргізіп, батасын беріп, ақыл айтып, немерелерін бағатын кезінде қарттар үйін паналап отырғаны ауыр, бізге сын.
Жаһандану кезінде мейірім азайып, жастар әлеуметтік желіге тәуелді болуда. Жастардың бойына адамгершілік, үлкенді құрметтеу шараларын көбейтуді қолға алуымыз керек.
Шарада ауданның мәдениет қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырып, азық-түлік себеттері таратылды.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі