Қарқаралыда үш әйелді талаған қасқырдан құтырма ауруы анықталды, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қасқырдың көзі жойылғаннан кейін материалдар зертханаға сараптамаға жіберіліп, қауіпті ауру расталған. Қарқаралыда малға екпе салу жұмыстары жүргізіліп, кей жерде шектеу енгізілетін болды.
Қарқаралыда 27 желтоқсаннан бастап профилактикалық мақсатта бірқатар шектеу енгізіледі. Бұл шара көзі жойылған қасқырдан құтырма ауруы анықталуына байланысты қолданылады. Осыған байланысты иттер мен мысықтардың көрмелерін өткізуге, оларды серуенге алып шығуға, құтыру ауруын жұқтырған болуы мүмкін мал-жануарлардың өнімдерін (сүт, ет, тері) сатуға және сыртқа алып шығуға тыйым салынады, — делінген әкімдік хабарламасында.
Ит, мысық және басқа да жануарларды күтіп-баптау жағдайын тексеру үшін үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіледі. Құтырма ауруына күдік болса, дезинфекция жасалады.
Сондай-ақ қалада малға және ит-мысыққа вакцина егіледі.
https://turkystan.kz/article/238308-ar-aralyda-sh-yelge-shap-an-as-yrdan-tyrma-auruy-any-taldy