Қаратаудың қойнауын жайлаған тұрғындардың шаруашылығ

Қойнауынан құт өрген қазыналы Қаратаудың өн бойы жусанды жазық, ат тұяғын тоздырған жоңқа тас. Мұнда ғасырлардың көзіндей болған ерекше естеліктер мен ғажайып бір күй бар. Сол Қаратаудың қойнауын жайлаған Есейхан ауылы тұрғындарының негізгі тіршілік көзі егін мен мал шаруашылығы.

Бұл күнде ауылда 1210 адам тұрады. Талай жылдан бері ауыз­су мәселесі шешілмей келген­ ауылға ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдар­ла­масымен су құбыр­лары тартыла бас­тады. Ауыл ахуалымен танысу мақсатында арнайы ат басын бұ­рып, мұндағы жұмыс барысын көр­дік. Тұрғындармен тілдесіп, тарихи мекендегі тіршілікпен қатар, ауыл тари­­хынан да мәліметтер алдық.

Талас аудандық сәулет, қала құры­лы­сы және құрылыс бөлімі ар­қылы Есейхан ауылын ауызсумен қамту жұмыстарын жүргізу үшін «Монолит Дизайн 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер болып белгіленіпті. Атал­ған серіктестіктің учаске басшысы Ғалымжан Жұмаділдаевтің айтуынша, мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес, Есейхан ауы­лын ауызсумен қамтамасыз ету мақ­сатындағы су жүйесі жұмыстарының құрылыс жұмыстарына 650 миллион 800 мың теңге қаражат қарастырылған. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 200 миллион, ал облыстық бюджеттен 22 миллион 222 мың теңге бөлінген. Кездесу кезінде учаске басшысы биыл 222 миллион теңгенің мақсатты түрде игерілгенін айтты.

Бүгінгі таңда Есейхан ауылындағы жұмысқа 4 экскаватор, 5 «КамАЗ» және 57 адам күші тартылған. Соны­мен қатар  сол ауылдың 9 тұрғыны мем­­лекеттік «Жұмыспен қамту – 2020» бағдар­ламасы арқылы жұмыспен қам­тылған. Егер жоба толықтай жү­зеге асқан жағдайда «Ақбұлақ» бағдар­ламасы арқылы атқарылған жұмыстың нәтижесінде ауылдықтарға секундына 25 текше метр көлемінде су берілетін болады. Осыған дейін халық аулаларынан құдық қазып алып, соның суын ішіп келген. Күн қатты ысып кеткенде құдықтағы су да тарты­лып қалып, көпшілікті әбігерге салады екен. Бүгінде өріс алған Есейхан ауылын толықтай ауызсумен қамту жұмыстары келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күмісбек Дәуренбеков «Бүгінде әрбір ауылға деген мем­лекет­тің көмегі орасан. Осын­дай игі­лікті жұмысты жүзеге асырып отырған жергілікті басшыларға деген алғысымыз шексіз. Құдайға шүкір, бүгінде еліміздің экономикалық жағ­дайы жақсы, қолымызда көп нәрсе бар. Сол барды ұқсата білу де жақсылықтың белгісі ғой», дейді. Талай Кеңес Одағының Батыр­лары, Еңбек Ерлері шыққан Талас ауда­ны­ның әрбір мекені тарихқа бай. Қарт Қаратаудың қойнауында ғасырлар бойы ашылмаған қазына, шертілмеген шежіре жатыр. Олай дейтініміз, Қаратаудың қойнауына жа­сы­рынған, Қаратау мен Жаңатас қала­­ла­рынан он екі шақырым қашық­тықта жатқан Есейхан ауылының тари­хы да елең еткізбей қоймайды. Елуін­ші жылдардың орта шенінде бұл ауыл «Қаратау» қой совхозы болып құрылған. Бүгінде Қараой және Есей­­хан ауылдары Қаратау ауылдық окру­гіне қарайды. Мәскеуден келген Романенко деген азамат сол жыл­дары колхоз құрып, ауыл айналасы­на тал еккізіпті. Осы уақытқа дейін жасыл желекке оранып тұрған ауыл­дың қалың ағашы бүгінде сиреген. Себебі тұрғындар қыста отын үшін тал­дар­­дың көбін отап тастапты. Кү­міс­­бек Дәуренбеков ақсақал жас­тар біле жүрсін деген ниетпен ауыл тари­хын да әңгімеледі. Ақсақалдың ай­туынша, кезінде Тәуке ханның бас биінің бірі Есей Алдамұратұлы деген тұлға өтіпті. Түркістан облысының Шор­нақ деген жерінде «Есейтөбе» деген де мекен бар. Бүгінде Талас ауда­ны­ның бірқатар ауыл­дарында сол Есей ұрпақтары тұрады. Кезінде қой ша­руа­шылығымен, алма өсірумен аты шық­қан ауылға 1992 жылы сол кісінің есімі беріліпті.

Бұдан кейін ақсақал ауыл іргесін­дегі «Жолбарыс қамал» туралы әңгі­меледі. «Бұл Жолбарыс ханның саят құрған жері екен. Бір кездері осын­дағы Қарашат өзенінің бойы ну қамыс болған. Үлкен кісілер сол жерде жолбарыс өргенін айтып отыратын. Хан бабамыз осында жолбарыс аулаған екен дейді. «Жолбарыс қамалды» тамашалау үшін мұнда талай азаматтар келген» дейді ауыл ақсақалы. Шынында да алақандай ауылда назар ауда­рарлық деректердің болғаны ғажап. Зерттеулер жүргізілсе, бұл жерден талай тарихтың түбі аршылатыны анық.

Қызық болғанда, Есейхан ауылы­на ауызсу құбырларын тарт­у көне кезінде «Монолит Дизайн 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігінің учаске басшысы Ғалымжан Жұмаділдаев көне қорымға кезігіпті. Күн сайын құм таситын «КамАЗ»-дардың біреуі кезекті бағытында то­пы­раққа батып шыға алмай қа­лады. Көліктің топыраққа батқан дөңгелегінің астында терең қуыс бар екен. Учаске басшысы бастаған азаматтар топырақты аршып көргенде қыш құмыра мен көне қылыш табылады. «Бұл жағдайды мен де түсінбей қалдым. Әрі қарай қазғанымда, адамның сүйегі шыға бас­тады. Қорымға тап болғанымды бірден білдім. Бұл қайтыс болған кісінің мұсылман екеніне күмәнім болған жоқ. Өйткені басын құбы­­лаға қаратып жатқызыпты. Аруақ­ты қастерлеген халықпыз ғой. Топы­рағын қайта жа­уып, белгісіз марқұмның рухына дұға бағыштап, басына белгі қадап кеттік», дейді Ғалымжан Жұмаділдаев.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» қо­рық-музейі директорының ғылыми жұмыс­тар жөніндегі орынбасары Қуаныш Дәуренбековтің айтуынша, табылған құмыра мен қылыш ерте темір дәуіріне тиесілі болуы мүмкін.   Себебі бұл жәдігерлер Берікқара оба­ла­рының қатарынан табылған. Бүгінде жәдігерлер Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұр. Ауылға ауызсу тартып жүріп қазынаға тап болған азаматтар да елді мекен­нің тарихына қызығушылықпен қарап отыр.

Мемлекеттік бағдарламалардың тұрғындарға берер игілігі көп. Соның бірі – «Ақбұлақ» бағдарламасы. Талай ауылдың тіршілігін түзеп, күнкөрісіне қолайлы жағдай туғызған бастамалар Талас ауданында әлі де жалғасын табуда. Аудан әкімі Досмаханбет Әлиевтің айтуынша, «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандағы 23 ауылдық елді мекеннің 12-сіне су жүйелері тартылған. Аудан бо­йынша 24969  халық болса, бүгінде 16668 тұрғын «Ақбұлақ» бағдар­ла­масы аясында ауызсумен қамтылып отыр. Қызыләуіт және Есейхан ауыл­­­да­­рындағы жоба іске асқан соң, тұр­ғындар сапалы ауызсумен қамта­масыз етіледі. «Сонымен қатар ағым­дағы жылы Қасқабұлақ ауылына су құбыры жүйесінің құрылысын жүргізу үшін 711 миллион 510 мың теңгеге жобалық-сметалық құжат­тар­ әзірленіп, мемлекеттік сарап­та­ма­ның оң қорытындысы алынды, республикалық және облыстық бюджеттен келесі жылға қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылды. Одан бөлек, Майтөбе ауылының су құбыры жүйесінің құры­лысын жүргізу үшін де жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Бұл жұмыс биылғы жылы аяқталады», дейді әкім.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Бү­гінде еліміз бойынша ауылдардың ахуа­лы түзеліп, тіршілігі тіктеліп ке­леді. Ең бастысы, мемлекеттің қол­дауы бар. Ал тарихпен тамырлас­қан хал­қымыздың барлық мекені ежелгі ата-баба қонысы. Біз көрген Есей­хан ауы­­лының ахуалы осындай. Тари­хи мекен­дегі тіршілік қазақтың өзіндей қара­пайым.

Хамит Есаман

egemen.kz

Comments (0)
Add Comment