Бүгін Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымына өзгерістер енгізілді.
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары саны азайды.
Мәселен жаңадан Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы құрылды, бұл басқармаға ішкі саясат пен жастар саясаты мәселелері басқармасы кірді.
Жамбыл облысы әкімдігінің бақылау басқармасы құрылды, бұл басқармаға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен еңбек инпекциясы біріктірілді.
Жаңадан Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы басқармасы ашылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына туризм басқармасы қосылды.
Бүгіннен бастап мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы қосылып, архивтер цифрландыру басқармасына қосылды.
Білім бөлімдерін Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне қайтарылмады.
Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы
- Жамбыл облысы әкімінің аппараты;
- Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы;
- Ауыл шаруашылығы басқармасы;
- Бақылау басқармасы;
- Білім басқармасы;
- Ветеринария басқармасы;
- Дене шынықтыру және спорт басқармасы;
- Денсаулық сақтау басқармасы;
- Дін істері басқармасы;
- Жер қатынастары басқармасы;
- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
- Жұмылдыру дайындығы басқармасы;
- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
- Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы;
- Қаржы басқармасы;
- Құрылыс басқармасы;
- Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы;
- Мемлекеттік сатып алу басқармасы;
- Сәулет және қала құрылыс басқармасы;
- Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы;
- Цифрландыру және архивтер басқармасы;
- Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;
- Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Осыған дейін 26 басқармадан 23 басқармаға азайды.
turaninfo.kz