Қарағандыда мас адам өзгенің көлігін өртеп жіберген

Қарағанды қаласының Полиция басқармасына 36 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті деп хабарлады turkystan.kz.

Жәбірленушінің сөзінше, ол түнде көпқабатты үйдің ауласында көлігін қалдырған. Ал 02:00 шамасында кенеттен көлігі оталған.

«Анықталғандай, көліктің электр сымдарын әдейі жағып жіберген. Оқиға орнынан отын қалдығы табылды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Қаскүнем көлікті мас күйінде өртегенін түсіндірді», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Comments (0)
Add Comment