Қарағанды облысында екі адам жалаңаш жүрген: полиция түсінік берді

20 сәуірде әлеуметтік желіде Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орындарда жалаңаштанған екі адамның видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz.
Қарағанды қаласының орталығында бір адам шалбарын шешсе, Теміртау қаласында белгісіз ер адам көшеде жалаңаш күйінде жүрген.

«Полиция қызметкерлері бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтарды анықтады. Қазір оларды диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр», – дейді ведомство.

https://turkystan.kz/article/220495-karagandy-oblysynda-eki-adam-zhalanash-zhurgen-politsiya-tusinik-berdi/
Comments (0)
Add Comment