Қарағанды облысында 60 үй жылусыз қалды

Қала әкімдігі оқиға салдарынан жеке үйлерді жылумен жабдықтау ішінара бұзылғанын мәлімдеді.

Қарағанды қаласындағы жеке секторда 60-қа жуық үй жылусыз қалды.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде таралды. Белгілі болғандай, троллейбус тиелген ауыр жүк көлігі Шәкіров көшесіндегі жеке сектордың жылу трассасын бұзған. Салдарынан үйлер жылусыз қалған.

Қарағанды қаласының әкімдігі оқиға салдарынан жеке үйлерді жылумен жабдықтау ішінара бұзылғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта аудан әкімдігі мен «Теплотранзит» ЖШС өкілдері оқиға орнында жүр. Жүйенің қатып қалуын болдырмау үшін су төгіп жатыр, сондай-ақ ескі құбырды бөлшектеуге және жаңа құбырды монтаждауға кірісті», — делінген хабарламада.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/252522-karagandy-oblysynda-60-ui-zhylusyz-kaldy

Comments (0)
Add Comment