Қарағанды-Астана тас жолында көктайғақ салдарынан 700-ден астам көлік кептелісте қалды (фото)

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір облыста 1000-нан астам көлік кептелісте тұр. Әсіресе күрделі жағдай Қарағанды-Астана бағытындағы жолда байқалады. Онда көктайғақ салдарынан 700-ден астам көлік жиналған.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция учаскелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары түнде Қарағандыдан Ақмола облысының шекарасына дейін 700-ден астам және қарсы бағытта 1000-нан астам көлікті алып жүруді ұйымдастырды.

Полицейлер жүргізушілерді тас жолдардың жабық учаскелерінде ұзақ қашықтыққа жүрмеуге және жол жағдайы туралы ақпаратты ескеруге шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Синоптиктер еліміз бойынша желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.  Бұл айда елдің басым бөлігінде  қар, боран және екпінді жел болатыны айтылған.

Фото: Видеодан скрин
https://stan.kz/karagandi-astana-tas-zholinda-koktaygak-saldarinan-700-411173/
Comments (0)
Add Comment