Жамбыл облысында Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолы бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты таңертең жол жабылған.
Б.Момышұлы – Шымкент бағытында жолдан адамдарды құтқару шараларына ТЖ қызметінен 4 арнайы техника,10 адам жұмылдырылды.
Қазіргі таңда жолдың бойында 60-қа жуық автокөлік тұр. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
Аудандағы №29 мектепте орналасқан жылыту пунктіне жолда қалған жалпы 300-ге жуық адам (65 бала) орналастырылды.
21 адам Шымкент бағытына полиция қызметкерлерінің қадағалауымен жөнелтілді. 95 адам Тараз бағытына поезбен жіберілді.
Шымкент қаласына 108 адам пойызбен жөнелтілді.
Жылыту пункттінде қазіргі уақытта 30 адам бар.