«Қаптаған тарақанды қонақтар көрмейді» – шаурма дайындайтын аспаз

Youtube каналдағы «Без лица» бағдарламасына қонаққа келген аспаз өзінің шаурма дайындайтын кафедегі былықтарды айтып берді. Бағдарламаның ережесі бойынша қонақтар аты-жөндерін атамайды және бетперде киіп отырады. Оқиға Минск қаласындағы танымал мейрамханалардың бірінде болған.

Бас аспаздың айтуынша, ол достарымен бірге сол мейрамханаға тамақтануға барған. Оларға мейрамхана иесі келіп кімнің қолынан шаурма жасау келеді деген секілді сұрақ қойған. Бәрі қолқалап бас кейіпкерді көрсеткен соң, ол жұмысқа келіскен.

Ертесінде ол жұмысты бастап кеткенін, ешкімнің ештеңе үйретпей: «дайындай бер, өзіңе қалай дайындайсың, солай дайында» дегенін ғана естіген.

Тіпті ешқандай да құжат сұрамаған. Онда бәрінің ақшамен шешілетінін айтып келіп, келетін тексерістің бәрі тек ақшаны алып кететінін, былықты көрмегендей болатынын айтады. Әрі аталған мейрамханада әжетхана да жоқ болып шықты.

«Онда ештеңені тексермейді. Аспаздар да, басқа қызметкерлер де қолына киген таза қолғаппен басын қасиды, бетін сипайды және сонымен қонақтарға тамақ дайындайды. Бір күні шаурманы қонаққа ұсынып жатып, қолымдағы қолғаптың бір басмарағы жыртылғанын көрдім. Ол деген сөз шаурманың ішіне қосылып кеткен деп ойлаймын», – дейді жүзін жасырған кейіпкер.

Шаурма дайындайтын мейрамханалардағы басты проблема – тарақандар. Олар барлық жерде жүреді. Келген қонақтар тек күндіз байқамайды. Тек жарықты сөндірген кезде олардың барлық жерде өріп жүргенін көруге болады. Кейіпкер тарақандардың жалға алған кофе машинамен бірге келетінін, олардың сонда өмір сүретінін айтады. Тарақандар үшін кофе машина іші өте ыңғайлы екен.

Барлық мейрамханада асты дайындау ережесі бектілген тізім болады. Оны тек санитарлық тексеріс болған кезде ғана пайдаланады. Мәселен, 10 грамм пияз, 10 грамм тағы бір нәрсені қосу міндетте болса, басқа уақытта бастық не айтады, соны жасайсың. Яғни келген қонақты алдаймыз.

«Тамақтардың ішінде көп астың уақыты өтіп кетіп жатады. Біз оны барынша білдіртпеуге тырысамыз. Егер үлкен тексеріс келетін болса, алғашқы кезден-ақ олар мейрамхананы жауып тастар еді», – дейді ол.

Айлықтары да әр алуан. Табыс күнделікті түсетін пайдаға қарай ғана бөлінеді. Мәселен, бір күнде 15 доллар алатын да кездер болады екен. Ең көп дегенде 60 долларға барады. Ең қызығы, егер мейрамхана иесі түрік не араб болатын болса, оларға өте көп төлейді және пайыз береді. 20-30-50% дейін береді. Олар өздерін қолдап, демеп жүреді.

Comments (0)
Add Comment